• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Түлекке «5В074600- Ғарыштық техника және  технологиялар мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі
Ғарыш саласы – қоғам өмірінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Ғарыштық бағдарламалардың дамуы мемлекеттің экономикалық, ғылыми, техникалық, қорғаныс күшін анықтайды. Ғарыш қызметі біздің Республикамыздың ұлттық экономикасының жетекші салаларының біріне айналып келе жатыр. Ғарыш қызметі ғарыш техникасы мен материалдарын  құруды (жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу), қолдануды (эксплуатация), ғарыш технологияларын дамыту және қолдануды, ғарыш қызметіне байланысты басқа да қызметтер көрсетуді, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын қамтиды.
Ғарыш қызметiнiң негiзгi бағыттары:
– зымыран-ғарыш техникасын құру;
– техниканы ғарыштық жағдайда сынақтан өткізу;
– ғарыштық техниканы байланыс, теледидар және радиохабар тарату үшін пайдалану;
– ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау, оның ішінде экологиялық мониторинг және метеорология;
– спутниктік навигация мен топогеодезиялық жүйелерді пайдалану;
– ұшқышты ғарыштық ұшулар;
– ғарыштық ғылыми зерттеулер;
– Ғарыш кеңістігіндегі объектілер мен құбылыстарды бақылау;
– материалдар мен басқа да өнімдерді кеңістігінде өндіру;
– ғарыштық техниканың көмегімен жүзеге асырылатын басқа да қызмет түрлері;
Оқу процесінде заманауи оқыту технологиялары кеңінен қолданылады. Материалдық-техникалық база ғылымның қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді және білім беру бағдарламасының толық дамуына ықпал етеді.
Ғарыштық инженерия және телекоммуникациялар институты 5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар мамандығы бойынша мамандарды дайындау бағдарламасын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
– ұшатын аппараттардың автоматты басқару жүйелері;
– Ғарыштық байланыс және навигациялық жүйелері.
Міндетті пәндер:
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы;
  2. Философия;
  3. Математика I;
  4. II математика;
  5. Шет тілі;
  6. Қазақ (орыс) тілі;
  7. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде);
  8. Мамандыққа кіріспе;
  9. Кәсіби қазақ (орыс) тілі;
  10. Кәсіби бағытталған шет тілі;
  11. Процестерді басқару;
  12. Баллистика;
  13. Электротехника;
  14. Ғарыштық аппараттар;
  15. Жерсеріктік байланыс жүйелері.
Таңдау пәндері:
  1. Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негіздері;
  2. Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін;
  3. Физика I, Жалпы физика, Физика II, Қатты дене физикасы;
  4. Инженерлік және компьютерлік графика;
  5. Компьютерлік сызу негіздері;
  6. Робототехника негіздері;
  7. Ғарыштық материалтану;
  8. Алгоритмдеу және бағдарламалау;
  9. Алгоритмдер және бағдарламалау тілдері;
  10. Компьютерлік математика;
  11. Ақпаратты математикалық өңдеу;
  12. Қазіргі заманғы программалау технологиялары;
  13. Бағдарламалау әдістері;
  14. Теориялық экономика және экономикалық практика;
  15. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақстандық моделі;
  16. Метрология, стандарттау және сертификаттау;
  17. Өлшемдер, стандарттар және сертификаттау;
  18. Саланың экономикасы және менеджменті;
  19. Кәсіпорын экономикасы;
  20. Инженерлік механика I;
  21. Қатты денелер механикасы;
  22. Инженерлік механика II;
  23. Құрылымдық элементтердің беріктігін есептеу;
  24. Ғарыштық ұшу динамикасы;
  25. Ғарыштық аппараттардың борттық жүйелері;
  26. Экологиялық тұрақтылық және өмір қауіпсіздігі;
  27. Экологиялық және техногендік қауіпсіздік;
  28. Ғарыштық байланыс кәсіпорындарында еңбекті қорғау;
  29. Ұшуды бақылау орталықтарында еңбекті қорғау;
  30. Автоматты басқару жүйелерін құру негіздері;
  31. Автоматтандыру негіздері;
  32. Гироскоптардың қолданбалы теориясы;
  33. Гироскоптарды Ғарыштық техникада пайдалану;
  34. Электрлік байланыс теориясы;
  35. Ақпараттың қолданбалы теориясы;
  36. Ғарыштық радиотехникадағы микропроцессорлар және цифрлық басқару жүйелері;
  37. Микропроцессорлар және микропроцессорлық техниканы бағдарламалау;
  38. Радиоэлектроника және радиотехника негіздері;
  39. Радио компоненттері және автоматты басқару теориясы;
  40. Жерді қашықтықтан зондтау және навигациялық спутниктік жүйелері;
  41. Навигация және зондтау негіздері;
  42. Ғарыш аппараттарының жерүстілік автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау;
  43. Ғарыш аппараттарының жерүстілік автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану;
  44. Спутниктік деректерді өңдеу әдістері;
  45. Табиғи ресурстарды бақылау және басқару;
  46. Бастапқы сенсорлар мен атқарушы механизмдер;
  47. Аспап детальдары және аспап жасау технологиясы
  48. Радио таратқыш құрылғылар;
  49. Ғарыштық ұшу аппараттарының басқару жүйелері;
  50. Тұрақтандыру және бағыттау жүйелерін жобалау;
  51. Ұшу аппараттары басқару жүйелерінің сенімділігі;
  52. Ұшу аппараттарының техникалық жүйелерін компьютерлік бақылау;
  53. Жер серіктері және радиорелелік хабар тарату жүйелері;
  54. Бағдарламалық-аппараттық басқаруд радиожүйелері.
Мамандық студенттері келесі білімді меңгереді: 
– Жерүстілік техникалық және старттық комплекстер, ғарыштық аппараттар мен үдеткіш блоктардың борттық жүйелері мен конструкциясы және олардың жұмыс істеу принциптері; ғарыш кеңістігінің факторлары.
ҒАжәне ҒЖ және оның құрамдас бөліктерінің техникалық және технологиялық жүйелерін пайдалану мен сынақтан өткізуді ұйымдастырудың құрылу негіздері, пайдалану тәртібі және талаптары.
-Ғарыш аппараттарын басқару, ҒА ұшу динамикасын талдау, қабылдағыш-таратқыш құрылғылардың жұмыс жасау принциптері.
-Әртүрлі түйіндердің, жүйелердің, кешендердің және ғарыш аппараттарының ұшуын басқарудың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін зымырандық двигательдер, аппараттық және бағдарламалық құралдары.
– Ғарыштық техниканың Тактика-техникалық и эксплуатациялық сипаттамалары.
-Зымырандық және ғарыштық кешендерді жабдықтау, жерүсті ғарыш инфрақұрылымында, ғарыштық байланыс және навигация жүйелерінде техникалық қызмет көрсету негіздері.
-Қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйелері, қашықтықтан зондтау және ғарыштық суреттерді фотограмметриялық өңдеу саласындағы мәліметті алғашқы (стандартты өңдеу) саласы бойынша білім.
– Жобалау, техникалық құжаттарды әзірлеу және рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік және басшылық етуші материалдар.
– Ғарыштық жүйелер мен олардың компоненттерін құрастыру, монтаждау, реттеу және сынақтан өткізудің технологиялық процесстері..
-Өзінің маманданған саласында шетелдік дереккөздермен байланыс жасау және ақпарат алуға жеткілікті мөлшерде техникалық ағылшын тілі.
Оқыту әдістемесі
Дәріс және практикалық сабақтарды жүргізу барысында Power Point презентациялары, модельдер және плакаттар қолданылады. Зертханалық сабақтарда AutoCAD 2015, C#, C++, Visual Basic 2014 бағдарламалық тілдері қолданылады.
Материалды-техникалық база:
– Лабораториялар орналасқан Роболаб. Д406.

Түлектер келесі қызметтерді атқара алады:

– инженер программист;
– технолог;
– механик;
– системотехник;
– менеджер.

 

Келесі компанияларда практика өтеді

ҚР ҚАӨМ АҒК (Қазғарыш), «Казақтелеком» – Қазақстан ұлттық байланыс операторы және басқа байланыс оперлаторы, ««Қазақстан Ғарыш Сапары»Ұлттық компаниясы» АҚ, Фесенков ат. Астрофизика институты, Ғарыштық техника және технология институты, «ҰҒЗТО» АҚ.

 

Түлектер жұмыс істейді:

ҚР ҚАӨМ АҒК (Қазғарыш), «Казақтелеком» – Қазақстан ұлттық байланыс операторы және басқа байланыс оперлаторы, Республикалық ғарыштық байланыс орталығы, ««Қазақстан Ғарыш Сапары»Ұлттық компаниясы» АҚ , Ғарыштық техника және технология институты, «ҰҒЗТО» АҚ.

 

 

Атақты (белгілі) түлектер.

– Михайленко Д. ЕЖШС «ҒТТИ» секторының меңгерушісі
– Шамро А.В, ЕЖШС «ҒТТИ» секторының меңгерушісі
– Байсеркенов М.Н., әл-Фараби ат. ҚазҰУ докторанты