Жапония Үкіметінің магистратура және докторантура деңгейлеріндегі стипендиялық бағдарламалары


17.05.2021 Все объявления


Жапония Үкіметі "Стажер-зерттеуші" (KENKYUSEI, Research Students) стипендиялық бағдарламасына үміткерлер қабылдайтынын жариялады. Стипендилық бағдарлама келесі мерзімге беріледі:

* Стажер-зерттеуші үшін (non-regular student): 2 жыл (оның ішінде 6 ай жапон тілі және басқа пәндер бойынша дайындық курсы).
* Қарапайым студенттер үшін (regular student): магистр/ғылым докторы дәрежесін алу үшін қажетті тиісті кезең (қажет болған жағдайда 6 ай дайындық курсы).

Стипендиялық бағдарлама не ұсынады:

* Оқу ақысын толық төлеу;
* Халықаралық әуе билеті (бару және қайту);
* Ай сайынғы стипендия 143,000-145,000 иен.

ҚР-дағы Жапония елшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарынан өтініштер қабылдайды.
Соңғы мерзім: 2021 жылғы 28 мамыр

Толығырақ сілтеме бойынша