Миссия және стратегия

МИССИЯСЫ. Әлемдік интеграция мен жаһандану жағдайларына бейімделген, елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін ұлттық білім экономикасының үздік зияткерлік ресурстарын және ең озық технологияларды қалыптастыру.

ПАЙЫМДАУЫ. 2025 жылға қарай АЭжБУ - Орталық Азиядағы энергетика, телекоммуникация, ақпараттық және аэроғарыштық технологиялар саласындағы озық зерттеу университеті.

2025 жылға дейінгі трансформациялау стратегиясы

Жоғары білім беруді интернационалдандыру студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық деңгейімен, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын интернационалдандырумен, өңірлік және халықаралық жоғары оқу орындары желілерін құрумен сипатталады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Күн тәртібіндегі басты мәселе - білім беру қызметін дамытуға серпін беретін отандық университеттердің академиялық еркіндік қағидаттарын іске асыру.

2021-2023 жылдарға арналған интернационалдандыру стратегиясы
Экологиялық саясат
2021-2023 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары