2021 жылдың 26 мамырында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің "Әлеуметтік пәндер" кафедрасы "Қазақстандағы ашаршылық: жаңа деректер мен түсініктер"атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді


20.05.2021 Все объявления


2021 жылдың 26 мамырында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің "Әлеуметтік пәндер" кафедрасы "Қазақстандағы ашаршылық: жаңа деректер мен түсініктер"атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына қатысуға жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, аспиранттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты-Қазақстан тарихының кеңестік кезеңінде орын алған ашаршылық тақырыбын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа байланысты драмалық оқиғалардан 100 жыл өткенін, соның салдарынан миллиондаған адам қаза тапқанын немесе аман қалу үшін қашуға мәжбүр болғанын" атап өтті. Егер бұл қорқынышты трагедия болмаса, біздің халқымыздың саны қазіргіден бірнеше есе көп болар еді". Сондықтан Қазақстандағы ашаршылық кезеңдерін ғылыми зерттеу, оның құрбандарын анықтау – бірінші кезектегі маңызды міндет.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):

1. Қазақстандағы ашаршылықты түсіндірудегі даулы мәселелер: Заманауи зерттеулер мен көзқарастар, жаңа бағыттар.

2. Ашаршылық проблемасын зерттеудің дереккөзтанушылық базасы: жетістіктері, мүмкіндіктері, проблемалары.

3. Қолданбалы зерттеулердегі жаңа технологиялар және жас ғалымдардың еңбектері.

Толық ақпарат қосымшада