Go Viral Network Next30 жаңа уақыт көшбасшыларының конкурсын жариялайды


22.06.2021 Все объявления


2021 жылғы 21 маусымда Орталық Азия елдері тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай, АҚШ-тың Орталық Азиядағы бес дипломатиялық миссиясы Go Viral Network-пен бірге 1991 жылы және одан кейін туған Орталық Азияның жаңа 30 көшбасшысының үлесін атап өтуге бағытталған өңірдің жас көшбасшылары арасында Next30 өңірлік конкурсын ашты.

Next 30 конкурсына тіркелу барлық қатысушылар үшін 20 маусым мен 20 шілде аралығында ашық. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның бизнес, медиа, мәдениет, технологиялар және азаматтық қоғам салаларындағы 30 жаңашылдары аймақтағы болашақ туралы өз ойларымен бөлісуге, олардың жетістіктері, сәттілік тарихы және Орталық Азияның әл-ауқатының болашағына қосқан үлесі туралы айтуға мүмкіндік алады.

«Америка Құрама Штаттары біздің Орталық Азиямен серіктестігімізді мақтан тұтады және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өтетін әр елге қосылады. Осы бастамамен біз басқаларды инновациялық идеялар мен бірлескен жобалар жасауға, жергілікті кәсіпкерлердің күш-жігерін қолдауға және бүкіл әлемдегі шығармашылық, бастамашыл адамдардың ынтымақтастығына ықпал етуге шабыттандыратын Орталық Азиядағы жас көшбасшыларды қолдағымыз келеді», – деді АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майер.

Конкурстың финалистері 2021 жылғы 13 тамызда, ал жеңімпаздар – 2021 жылғы 17 қыркүйекте жарияланады. Іріктеу критерийлеріне сәйкес барлық кандидаттар кемінде 18 жаста болуы керек (2021 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша) және 1991 жылдан ерте туылмауы керек. Үміткерлер тіркеу нысандарын ағылшын тілінде толтырады және Орталық Азияның болашағына әсер еткен өз салымы мен өз саласындағы маңызды инновациялар туралы 300 сөзден тұратын тарихты баяндайды.

«Орталық Азия жастары жаңашыл, талантты және өршіл. АҚШ-тың Орталық Азиядағы дипломатиялық миссиялары тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген көшбасшылардың жаңа буынын ілгерілету жөніндегі Go Viral Next30 бастамасын мақтанышпен қолдайды, олар мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы болашақты білдіреді», – деді Чарльз Мартин, Тәжікстандағы Go Viral бағдарламасының директоры және Go Viral негізін қалаушы.

Next30 жеңімпаздары бас қосып жиналуға, Go Viral аймақтық іс-шараларында әңгімелесуге, сондай-ақ келесі жылы АҚШ-қа медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы американдық сарапшылармен және жаңашылдармен танысу үшін баруға мүмкіндік алады.
Толығырақ Go Viral әлеуметтік желілерінде: Instagram: @goviral.ca, Facebook: Go Viral Central Asia, Telegram: @goviralca и YouTube.
Конкурс туралы фото және бейне материалдарды осы жерден табуға болады.  Хэштэгтер: #Next30GV #GoViralCA 
Go Viral Central Asia 2021 фестивалінің баспасөз қызметі:
Далида Накупова, ұялы тел.: +7 701 222 2850; dalida.pr@gmail.commedia@goviral.kz