I Халықаралық ғылым форумының қатысушыларын не күтіп тұр


29.07.2021 Все объявления


Алматыда "Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы" I Халықаралық ғылым форумы өтеді.

Оны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес өткізеді. Ірі ғылыми оқиға 2021 жылдың 8-10 қыркүйегі аралығында өтеді.

Іс-шараның мақсаты – республиканы дамытудың өзекті мәселелерін шешудегі ғылымның рөлін талқылау үшін ғалымдарды, саясаткерлерді, сала көшбасшыларын, бизнесмендерді, азаматтық қоғам өкілдері мен медианы біріктіру.

Форум бағдарламасында:

- мемлекеттік органдар өкілдерінің, белгілі ғалымдардың, жас зерттеушілер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пленарлық сессия;

- ғылыми жетістіктер мен кәсіпкерлік идеялар көрмесі;

- ғылымды коммерцияландыру және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру бойынша ашық дәрістер;

- воркшоптар және ғылыми кейстердің презентациялары;

- ғылымды дамыту бойынша дөңгелек үстелдер мен конференциялар;

- жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми сессиялары;

- студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған конкурстар мен чемпионаттар өтеді.

Пандемия жағдайында ынтымақтастық пен қолдаудың маңыздылығы ерекше мәнге ие болады. Ғылыми қоғамдастықты қолдау үшін ғылымды дамытуға бағытталған осындай үлкен кездесулер қажет.

Форумға қатысу тегін. Жоба туралы өзекті ақпарат @scienceforum_kz  парақшасында жарияланады.

Қатысушы ретінде тіркелу www.scienceforum.kz сайтында қолжетімді.