«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» Әскери істер институтында 2021 жылғы қыркүйектің 1-нен 10-на дейінгі кезеңде запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін студенттерді-кандидаттарды конкурстық іріктеу ОФЛАЙН режимінде өтеді


24.08.2021 Все объявления


«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Әскери істер институтында 2021 жылғы қыркүйектің 1-нен 10-на дейінгі кезеңде запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін студенттерді-кандидаттарды конкурстық іріктеу ОФЛАЙН режимінде жүргізіледі.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруден өтеді.

Кәсіби-психологиялық тест тапсыру әскери кафедраның базасында кестеге сәйкес өткізіледі.

Кәсіби-психологиялық тест тапсырудан өткен кандидаттар келесі кезең – дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.

Конкурстың әрбір кезеңінен өтуге тек қана бір рет рұқсат етіледі.

Дене даярлығын тексеру АОСК стадионында мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 6 Б, Назарбаев к-ң қиылысында кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс кезеңдерінің қорытындыларымен келіспеген студент, сол күні жазбаша хатпен (еркін түрде) іріктеу комиссиясының төрағасына жолығады.

Әскери кафедраға және АОСК стадионына кіру QR-код Ashyq арқылы жүзеге асырылады.

2021 жылы «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери істер институтына (әскери кафедраға) оқуға түсу үшін студенттердің-кандидаттардың кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруді өткізудің КЕСТЕСІ

р/н

Институт (университет) атауы Тест өткізудің күні, айы Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың күні, айы
1 Кибернетика және ақпараттық технологиялар 2021 ж. 01.09. 2021 ж. 02.09.
2 Сәулет және құрылыс институты 2021 ж. 02.09. 2021 ж. 03.09.
3 Металлургия және өндірістік инженерия институты 2021 ж. 02.09. 2021 ж. 03.09.
4 Өндірістік автоматтандыру және цифрлендіру институты 2021 ж. 03.09. 2021 ж. 04.09.
5 Геология, мұнай және тау-кен ісі институты 2021 ж. 04.09. 2021 ж. 06.09.
6 Жобаларды басқару институты 2021 ж. 04.09. 2021 ж. 06.09.
7 Химиялық және биологиялық технологиялар институты 2021 ж. 04.09. 2021 ж. 06.09.
8 Алматы энергетика және байланыс университеті 2021 ж. 06.09. 2021 ж. 07.09.
2021 ж. 07.09. 2021 ж. 08.09.
9 Қазақ-Британ техникалық университеті 2021 ж. 08.09. 2021 ж. 09.09.
10 Қазақ инженерлік-технологиялық университеті 2021 ж. 08.09. 2021 ж. 09.09.

Ескерту:

1. Белгіленген күні кестеге сәйкес «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери істер институтына (әскери кафедраға) Байтұрсынов к-сі, 140 мекенжайына, сағат 08.00-де келу қажет.

2. Өзімен бірге жеке куәлігі және студенттің ID картасы болуы тиіс.

3. Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру үшін спорттық киім үлгісі (кроссовки) болуы тиіс.

4. Санитарлық нормаларды сақтау үшін маскалар және антисептик болуы тиіс.

Нормативтерді тапсыру және психологиялық тестілеу

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ әскери кафедрасының әкімшілігі