02.09.2021 Все объявления


Бірінші курс студенттерін бағдарлауға арналған апта басталды! 

Қымбатты бірінші курс студенттері!

2 қыркүйекте біздің @aues_university парақшамызда, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Cагинтаева Сауле Саветовна алғашқы тікелей эфирін өткізді.

Университетімізге алғашқы қадам басқан студенттерді бағдарлауға арналған апта да басталды, яғни, ертең 3 қыркүйек директорлар мен институт өкілдерінің қатысуымен бірқатар тікелей эфир өтеді.

Сіз университет пен студенттік өмірге, оқыту форматына қатысты барлық-дерлік қызықтырған сұрақтардың жауабын алуыңызға болады.

Тікелей эфир әр институтқа жеке-дара өткізіледі:

11:00 – Электр энергетика және электр техника институты және Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты @ieeiet_aues 

ЭЭжЭТИ білім беру бағдарламалары: Электр энергетикасы, Электр энергетикадағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін Smart технологиялармен басқару және интеграциялау, Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, Агроөнеркәсіптік объектілерді электрмен жабдықтаудың гибридті жүйелері, Электр энергетикалық жүйелер, Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық технологиялары, Гидроэнергетика

ЖЭжБЖИ: Инженериядағы кәсіпкерлік, Жылуэнергетика, Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экологиялық инженерия және энергетикалық қауіпсіздік, Өнеркәсіптік қауіпсіздік, Автоматтандыру және басқару, Энергия аудиті және энергия менеджменті

14:00 – Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты @aues_space 

ТжҒИИ: Жүйелік инженерия, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Аспап жасау, Робототехникадағы бақылау-өлшеу аспаптары мен жүйелері, Ғарыштық техника және технологиялар, Ғарыштық инженерия, Электрондық инженерия

15:00 – Ақпараттық технологиялар институты @aues_iit 

АТИ: Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, Бағдарламалық инженерия

Алматы энергетика және байланыс университеті жайлы толығырақ білу мүмкіндігіне ие болыңыз!