2021 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 14.00-де АЭжБУ-де «ҚР халқының психологиялық денсаулығы туралы заңды қабылдау қажеттілігі туралы» тақырыбында онлайн форматта «ПАРАСАТ» клубының кезекті отырысы өтеді


13.12.2021 Все объявления


ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай 2021 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 14.00-те Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «ҚР халқының психологиялық денсаулығы туралы заңды қабылдау қажеттілігі туралы» тақырыбында онлайн форматта «ПАРАСАТ» клубының кезекті отырысы өтеді.

Біздің қонақтарымыз:

Мұхан Атенұлы Перленбетов – психология ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ президенті, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

Давлетова Ақмарал Амангелдіқызы – «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ вице президенті, пс.ғ. д., профессор.

Қосылу

Платформалық тестілеу: 13.40.

Басталуы: 14.00.

Қатысам деушілер үшін есігіміз ашық!

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі