Вакцинация Пфайзер


19.01.2022 Все объявления


Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қызметкерлері мен студенттері!

Алматы қаласы Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге алмасу, жұмыс істеу және т.б. үшін баратын 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге Пфайзер (Комирнати) деп аталатын COVID-19-ға қарсы вакцинамен вакциналауды ұсынады.

Осы санаттарға жататын барлық ниет білдірушілер № 7 қалалық емханаға жүгіне алады. Бұқар Жырау бульвары 14, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (жексенбі күні демалыс)