2022 оқу жылында әскери кафедраға түсу тәртібі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы)


03.02.2022 Все объявления


Күндізгі оқу нысанының 1-2 курс студенттеріне, сотталмаған және запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары өтініш беру үшін мына мекен-жай бойынша келсін: 1 шағын аудан, 36.

1. Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап.

Қажетті құжаттар:

–тіркеу куәлігі (түпнұсқа және көшірме) - қыздарға қажет емес;

- жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- фотосуреттер 3х4 - 2 дана;

- құжат тігілетін папка - 1 дана;

- файл парақшалары - 2 дана.

2. Медициналық тексеруден өту (мед.комиссия) - тіркеу орны бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (әскери комиссариаттарда) 2022 жылғы 7 ақпаннан 20 тамызға дейін.

Объективті себептер бойынша құжаттарды тапсыру үшін әскери кафедраға келуге мүмкіндігі жоқ студенттер үшін конкурстық іріктеуге қатысуға әскери кафедраның электрондық поштасына (vk-kaznu@yandex.ru) өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖОО-ның атауын, оқу курсын, факультетті, электрондық поштасын және телефон нөмірін көрсете отырып сұрау салу қажет.

3. Студенттердің кәсіби-психологиялық іріктеуден өтуі және дене даярлығын тексеру әскери кафедрада жүргізілетін болады. Кәсіби-психологиялық тестілеу мен дене шынықтыру даярлығын өткізу мерзімі Instagram желісінде жарияланады: @vk_kaznu.

4. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер келесі параметрлер бойынша қабылданады:

 

Студент жігіттер үшін

Жаттығу атауы Балл
5 үздік 4 жақсы 3 қанағат.
1 100 м (с) жүгіру 14,2 14,5 15,0
2 3000 м (мин) жүгіру 13,00 15,00 16,00
3

Биік белтемірге тартылу (рет саны)

 

12 10 8

Студент қыздар үшін


 
Жаттығу атауы Балл
5 үздік 4 жақсы 3 қанағат.
1 100 м (с) жүгіру 16,0 16,5 17,0
2 2000 м (мин) жүгіру 10,00 11,30 12,20
3

Қолды бастың астына қойып, шалқасынан жатып денені көтеру (рет саны)

 

 

25 20

 

               15
 

 

* Үш норматив тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурстың осы кезеңінен өтпеген болып саналады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

әскери кафедрасының әкімшілігі