Create the Future конкурсы


11.03.2022 Все объявления


Create the Future конкурсы алғаш рет 2002 жылы басталды. Конкурстың мақсаты  —  инженерлік саладағы инновацияларды көтермелеу және ынталандыру. Жыл сайын конкурсқа қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен келген инженерлерден, кәсіпкерлерден және студенттерден өнімдердің 12,000-нан астам дизайн идеялары келеді.


Жүлделер:

Гран-При  —  20,000$
Әр санаттағы 1-орын  —  HP компьютері немесе планшеті.
Жабдық/автоматтандыру/робототехника санатының жеңімпазы 5,000$ тұратын үлгілеу және симуляцияға арналған бағдарламалық жасақтаманы алады.
Конкурсқа қатысу үшін: 
1.өтінімді толтыру және жобаның кем дегенде 1 суретін жүктеу; 
2.конкурс санатының бірін таңдау:
-космонавтика және қорғау — космонавтика, авиация немесе қорғау саласындағы өнімдердің инновациялары.
-автокөліктер / көлік — адамдар немесе өнімдер бір жерден екінші жерге жылжи алатын өнімдер.
-тұтыну тауарлары  —  жұмыс орнында, үйде, демалыста немесе саяхатта өмір сүру сапасын жақсартатын өнімдер.
-электроника / сенсорлар / IoT —  компьютерлерді, коммуникацияларды, тестілеуді және электронды компоненттер, тақталар мен жүйелер саласындағы жетістіктерге сүйенетін басқа салаларды жақсартатын өнімдер.
-жабдықтар / автоматтандыру / робототехника  —  жұмыс, өндіріс және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдамдығын арттыруға және автоматтандыруға қабілетті өнімдер.
-медициналық өнімдер  —  медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын жақсартатын өнімдер.
-тұрақты технологиялар  —  жаңартылмайтын энергия ресурстарына тәуелділікті төмендететін өнімдер, сондай-ақ экологиялық таза материалдар мен өндірістік процестерді қолдана отырып жасалатын басқа да мақсаттарға арналған өнімдер.
3. Сипаттаманы ағылшын тілінде  (500 сөзден артық емес) ұсыну қажет. Өнім қай жерде өндірілетінін және ол қайда қолданылатынын нақтылау қажет.
4. 1-3 визуалды суреттемені суреттемені (фотосуреттер, суреттер болуы мүмкін) жүктеу (форматы— PDF, GIF, JPEG, PNG, немесе EDRW).

Қойылатын талаптар:
Конкурсқа жасы мен ұлты бойынша шектеусіз конкурс тақырыбына қызығушылық танытқандардың барлығы қатыса алады.
Дедлайн: 2022 ж. 1 шілдесі