24.03.2022 Все объявления
Германия елшілігі 2022 жылға арналған Экология және климат саласындағы жобаларды қаржыландыруға конкурс жариялайды.
Жобалық ұсыныстарыңыз келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• Жобалық ұсынысыңыз климаттық мақсаттарды іске асыруға және ықпал етуге (мысалы, COP26, G7 және G20 қарарларына сәйкес) және қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес, биоәртүрлілікті қолдау, су ресурстарын қорғау және т. б. мақсаттарды іске асыруға бағытталуы тиіс.
• Жобаның бюджеті 50 000 еуродан аспауы тиіс.
• Жобаны Қазақстанда тіркелген ұйым (ҮЕҰ, талдау орталықтары және т.б.) іске асыруы тиіс. Тек сатып алу шаралары қаржыландыруға жатпайды.Қосымша ақпарат, сондай-ақ өтініш формуляры Елшілік сайтының "Экономика" бөлімінде қолжетімді. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 10 сәуірге дейін жүзеге асырылады!