"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының тақырыптық жобалары бойынша шығармашылық (жазбаша) жұмыстардың Республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз


06.04.2022 Все объявления


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған республикамыздың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында»  атты  тақырыптағы с т у д е н т т і к шығармаларға конкурсқа шақырамыз.

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы еңбегі және оған қатысты мемлекетіміздегі ұлт пен ұлыстарды бейбітшілік пен келісімге шақыратын студенттердің ой-толғамы, өткір ойлары, өнегелі өмір туралы (эссе, зерттеу жұмысы, өлеңдер т.б.) мәселелер көрініс табуы керек (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Ұсынылатын шығармалар «конкурсқа қатысу үшін» белгісімен 2022 жылдың 25-ші сәуіріне дейін АЭжБУ, Әлеуметтік пәндер кафедрасы Д 108 каб. d.ryskildinova@aues.kz қабылданады.

Жеңімпаздарды сараптамалық кеңес анықтайды.

Нәтижесі мамырдың 5-і анықталып, үздік жұмыстар жинаққа енеді.