12 сәуірде Әлеуметтік пәндер кафедрасы "Алматы қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың кейбір мәселелері" тақырыбында онлайн-семинар өткізеді


12.04.2022 Все объявления


МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

12 сәуір Ғылым күні Google Meet платформасында Әлеуметтік пәндер кафедрасының Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Алматы қалалық комиссия ғалымдарының қатысуымен «Алматы қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың кейбір мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтеді.

Өздеріңіз білетіндей, Алматы қалалық комиссияның 9 бағыттан тұратын зерттеу топтарының құрамына кафедрамыздың 5 оқытушы - профессорлары енген, олар 3 жұмыс тобына жетекшілік жасайды. Жұмыстың тиімді атқарылуын ескеріп, университетте «Қазақстан тарихын зерттеу» орталығын құруға қолқабыс жасалды, өткен жылдың соңында Ғылыми Техникалық Кеңесте есебіміз тыңдалды.

Семинар барысында зерттеу бағыттарының жұмыс нәтижелері пысықталады: 

1. Архивтердегі іздеу жұмысының барысы;

2. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия қызметін жариялау бойынша медиажоспарының орындалуы;

3. Жұмыс топтарының мемлекеттік комиссияның жалпы басылымына енетін тақырыптық жинақтарды шығару туралы;

4. Өңірлік деңгейде волонтерлік жұмысты күшейту жолдары;

5. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танылған тұлғаларды анықтау мәселесі;

6. Қазақстандағы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Онлайн-семинарға қатысу арқылы жүргізіліп жатқан жұмысымызбен толыққанды таныса аласыз.

Тікелей жұмыс топтарының ғылыми жетекшілерімен диалог жүргізуге және барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар.

Қосылу сілтемесі: meet.google.com/dpd-ozxb-emp

Семинар онлайн форматта, басталуы 15.00.