Әскери кафедра


07.02.2024 Все объявления


«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлерді (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттарды (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Әскери кафедрада Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды ұлдар - студенттерден (1 және 2 курс) және 1 курс қыздар - студенттерден құжаттар қабылдау жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сізге мына мекен-жайға келу қажет: Алматы қаласы, Абай көшесі, 52/Г («Байзақ» БО), 2 қабат, 229 кабинет, тел.: 244-51-05.

Құжаттарды қабылдау күндері: КҮН САЙЫН (сенбі, жексенбі - демалыс).

Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Әскери кафедрада оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі