Түлектер



Совет попечителей


Наши выпускники


Іс-шара


Біз туралы

Алматы энергетика және байланыс университеті Түлектерінің қауымдастығы - бұл Университет түлектерін біріктіру, оларды әлеуметтік ілгерілету және дамыту, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ЖОО ретінде АЭжБУ мәртебесін нығайту мақсатында олардың әлеуетін тиімді пайдалану үшін ректордың 20.02.09 ж. №26 бұйрығына сәйкес құрылған университет жанындағы құрылымдық бөлімше.

Түлектер қауымдастығы - түлектердің ЖОО-мен өзара әрекеттестігін ұйымдастыратын бөлімше. Ол түлектерді біріктіру, университеттің түлектермен байланысын нығайту, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту, кәсіпорындардың ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешу үшін ЖОО-ның ғылыми әлеуетін тарту, ұрпақ байланыстарының сабақтастығын дамыту, мұқтаж студенттерді әлеуметтік қолдау, жас түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында құрылған.

Қауымдастықтың ұйымдық құрылымының негізінде келесі қағидаттар жатыр: басқарушы органдардың сайлануы, Қауымдастық мүшелері мен АЭжБУ Ғылыми кеңесі алдында есеп беру, шешімдер қабылдаудағы алқалылық және демократиялылық, Қауымдастықтың барлық қызметінің жариялылығы.

Қауымдастықтың басқару органы әртүрлі мамандықтағы АЭжБУ ең беделді түлектерінен, сондай-ақ бітіртуші кафедра меңгерушілері мен «АЭжБУ» КеАҚ проректорлары ұсынатын Қауымдастық мүшелері - компаниялардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларынан немесе белгіленген тәртіппен уәкілдік берілген өкілдерінен тұратын Қамқоршылар кеңесі болып табылады. Қамқоршылар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығынсыз міндетті түрде ректор, институт директорлары, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры кіреді (ереже ректордың 15.03.2019 жылғы № 35 бұйрығымен бекітілген). Қамқоршылар кеңесінің сандық және дербес құрамын, оның өкілеттік мерзімін «АЭжБУ» КеАҚ  Ғылыми кеңесі ашық дауыс беру арқылы анықтайды. Қауымдастық өз қызметінде Түлектер қауымдастығы туралы ережені, сондай-ақ АЭжБУ жергілікті актілерін және ҚР қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.



CҰРАҚ ҚОЮ

Төмендегі форманы толтырыңыз, біз сізбен байланысамыз!