7М07105 - Автоматтандыру және басқару Модульдік анықтама(жүктеу)

«Автоматтандыру және басқару» ББ мақсаты –техникалық объектілер мен технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін әзірлеу, жобалау және пайдалану, автоматты басқару жүйелерін құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.

 

«Автоматтандыру және басқару» ББ түлектері мамандандырылған магистратурада 1,5 жыл оқыған кезде техника және технология магистрі академиялық дәрежесін немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада 2 жыл оқыған кезде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады.

 

Магистратураға түсу үшін негізгі пәндер: Сызықты автоматты реттеу жүйелері (САРЖ), Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері (БАРЖ), электротехниканың теориялық негіздері

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

 

Жалпы құзыреттерді жүзеге асыратын оқу нәтижелері:

- ғылым философиясы, жоғары білім беру педагогикасы, шет тілдері және менеджмент психологиясы бойынша білімдер негізінде өзінің интеллектуалдық деңгейін көтеру және дамыту қабілетін көрсету. Жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше меңгеріп, ғылыми дүниетанымын кеңейте алады. Зерттеу нәтижелерін баяндамалар, тезистер, жарияланымдар және қоғамдық талқылаулар түрінде көрсету; ғылыми зерттеу нәтижелерін, оның ішінде шет тілінде түсіндіру және ұсыну;

- белсенді әлеуметтік ұтқырлық қабілетін көрсету, қызметтің әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік жағдайларының өзгеруі барысында өзінің кәсіби қызметінің ғылыми немесе өндірістік профилін өзгерту. Қарым-қатынас дағдылары мен танымдық және практикалық қабілеттерін дамытуға негізделген проблемалық жағдайлардың шешімін қалыптастыру. Жоба қызметінің өмірлік циклі, персоналды басқару негіздері, өндіріс, менеджмент, басқару психологиясы туралы білімдерін көрсету;

- шетел тілінде ақпаратты іздеу, өңдеу және берумен байланысты кәсіби қызметті табысты орындауды көрсету. Кәсіби дайындық саласындағы педагогикалық қызметке дайындығын көрсету.

 

 

Кәсіби қызмет аясы – энергетикалық, технологиялық, конструкторлық, пайдалану, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, автоматтандыру жобаларын әзірлеу, жобалау, модельдеу және енгізу, өндірістік және технологиялық процестерді ақпараттандыру болып табылады.

 

Кәсіби қызмет түрлері – ғылыми-зерттеу университеттерінде, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, жоғары оқу орындарында кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындауға қабілетті кез келген бейіндегі кәсіпорындардағы жұмыс жөніндегі маман:

- есептеу және жобалау және жобалау;

- өндірістік-технологиялық;

- ұйымдастырушылық және басқарушылық;

- ғылыми-педагогикалық.

Білім алушылар кәсіптік қызметке дайындық барысында: жоғары деңгейлі тілдерде бағдарламалауды және микроконтроллерлерді бағдарламалауды; математикалық модельдеу және тиімді басқару әдістерін; автоматтандыру, жасанды интеллект және басқару жүйелерін әзірлеу мен құрудың заманауи әдістері мен құралдарын меңгереді.

АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» бітіруші кафедрасының әлемдік жетекші брендтердің аспаптарымен және құрылғыларымен жабдықталған оқу зертханалары:

1.             Өлшеулер мен ғылыми зерттеулерді автоматтандыру бойынша National Instruments орталығы

2.             Басқару жүйелерін жобалау мен енгізу бойынша Honeywell оқу-зерттеу орталығы

3.             Өндірістік автоматтандыру, SCADA, MES және EPR – жүйелері бойынша SIEMENS-тің оқу және біліктілікті жоғарлату орталығы

4.             «Торнадо» «Технологиялық үрістердің автоматтандырылған басқару жүйелері» зертханасы

5.             Өндірістік автоматтандыру бойынша Schnelder Electric-тің құзыреттіліктер орталығы

6.             «Автоматиканың техникалық құралдары» зертханасы

7.             «Басқару жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық құралдары» зертханасы

8.             «Басқару жүйелерін модельдеу және зерттеу» зертханасы

9.             «Автоматтандыру жүйелеріндегі ақпараттық технологиялары» зертханасы

10.          «FESTO» 

 

және «Киберфизикалық жүйелер және смарт технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасы.

 

Халықаралық ынтымақтастық. 

 

Автоматтандыру және басқару кафедрасы белсенді ынтымақтастықта.

-       Honeywell аэроғарыштық компаниясымен (АҚШ), 

-       Schneider Electric (Франция), 

-       Анхалт университетімен (Германия),

-       Словакия технологиялық университетімен, 

-       Лодзь техникалық университеті, 

-       Познань технологиялық университеті (Польша), 

-       Кадир Хас университеті (Түркия); 

-       Варна техникалық университеті (Болгария) т.б. 

 

Академиялық ұтқырлық

 

Магистратура студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша 7 елдің 11 унивеситетінде оқи алады: Италия (Генуя), Польша (Белосток, Лодзь, Познань), Болгария (Варна, Русе), Ресей (Санкт-Петербург, Москва), Түркия (Стамбул), Словакия (Жилина), Германия (Анхальт-Кётен).

академиялық ұтқырлық бойынша оқу бағдарламаларының мысалдары:

Ø Познань политехникасы – Аэрокосмостық және автономды Смарт-жүйелер ОБ () (Автоматты басқару және робототехника - профилі) 

Ø Вроцлав  политехникасы – Электрэнергетикадағы басқару ОБ

Ø Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университет «ЛЭТИ» – Сандық мидицинаның жүйелері мен тахнологиялар ОБ; Емдеу мекемелерінде ақпараттық жүйелер мен технологиялар ОБ; Жоғарытехнологиялық медициналық жүйелер мен кешендер ОБ.

Ø М. Бонч-Бруевича ат-ғы Санкт-Петербург телекоммуникация университеті – Автоматтандырудағы интеллектуалды технологиялар ОБ.

Ø Н. Баумана ат-ғы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университет – Автоматтандырылған жобалау жүйелері ОБ

 

Магистранттардың іс-тәжірибесі

Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтеді. Оқыту барысында келесі кәсіпорындарда іс-тәжірибесі қарастырылған:

 

1. «Ханиуэлл-АСУ» ЖШС, Honeywell компаниясының қазақстандық өкілдігі;

2 «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК;

3. Asia Trafo ЖШС, Трансформаторлы зауыт, Шымкент қ.;

4. A&G Services ЖШС, Schneider Electric компаниясының ірі серіктесі, Ақтау қ.;

5. Kaztecinnovations ЖШС, Алматы қ.;

6. «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ, Алматы қ.;

7. KEGOC АО, Алматы жүйеаралық электрлік желілері;

8. «Корпорация «Сайман» ЖШС – құрал жасау зауыты;

9. Sazan Process Solution ЖШС, Honeywell компаниясының ірі серіктесі, Атырау қ.;
10. Line Brew Bottlers ЖШС, сыра пісіру зауыты,  Алматы обл.;
11. Riza Global ЖШС, Алматы қ.

 

Магистрларды жұмыспен қамту.

 

АУ БП түлектері энергетика, мұнай, газ және металлургия салаларында жұмыс істеуге даярланған. Олар автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық құралдарын әзірлеу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу және өндірістік процестерді роботтандыру бойынша жетекші маман болып жұмыс істейді.