«Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар» республикалық байқауы

«Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  идеялар мен жобалар»  республикалық байқауы


23.01.2023 Барлық жаңалықтар


Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыруға назар аудару мақсатында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар» республикалық байқауы жарияланды.

Идеялар мен жобалар конкурсқа Қазақстан Республикасында (кез келген салада) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстары бар мәтіндік құжат, презентация, бейнеролик, әлеуметтік желілерде жариялау және т.б. түрінде ұсынылады.

Жоба сонымен қатар бюрократияны азайтуға, автоматтандыруды арттыруға және мемлекеттік басқарудағы процедураларды жеңілдетуге бағытталуы мүмкін.

Байқау 2022 жылдың 9 желтоқсаны мен 2023 жылдың 12 ақпаны аралығында өтеді. Жұмыстар 2023 жылдың 12 ақпаны сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Жұмыс жеке және ұжымдық болуы мүмкін.

Толығырақ «Әділдік жолы» ҚБ сайтында https://adildik.kz/ru танысуға болады.