Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесіне қатысты

Ғұмарбек Дәукеев атындағы  Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесіне қатысты

14.04.2023 Барлық жаңалықтар


Бүгін 13 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесіне қатысты. Іс-шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Аудитория назарына АЭжБУ ғалымдары мен докторанттарының өнертабыстары мен ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды. Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Алмаз Абжалиевич Саухимов су жылыту қазандығының жетілдірілген моделінің, цифрлық форматтағы ақпараттық ағындарды басқаруды қамтамасыз ететін цифрлық қосалқы станция моделінің жұмысы туралы айтып берді.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессоры Утепбергенов Ирбулат Туремуратович трансформаторларды есептеу мен дайындаудың кешенді автоматтандырылған жүйесін көрсетті. Университеттің ғылыми әзірлемелері арасында «Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» монографиясы таныстырылды, онда климаттың өзгеруіне бейімделу жағдайында оның тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында жаһандық энергетикалық ауысу және экономиканы трансформациялау саласындағы зерттеулердің нәтижелері келтірілген.