Бос орындар жәрмеңкесі 27.04.2023

Бос орындар жәрмеңкесі 27.04.2023

25.04.2023 Барлық жаңалықтар


Құрметті АЭжБУ студенттері!

АЭжБУ Мансап орталығы Жастар саясаты департаменті және Beam.kz командасымен бірге Сіздерді 2022 жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-13.00 аралығында Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 126/А мекенжайы бойынша (А және В ғимараттары арасындағы тұрақ) өтетін «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысуға шақырамыз.

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жетекші жұмыс берушілерге АЭжБУ-дың үздік түлектері мен студенттерін жұмысқа шақыруға мүмкіндік беру.

Жәрмеңке - АЭжБУ студенттерін мамандық бойынша үздік жұмыс берушілермен таныстыруға бағытталған АЭжБУ университетінің ең ірі мансаптық іс-шарасы.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – бұл әлеуетті жұмыс берушілерге өзін көрсетудің және олардың жас мамандарға қойылатын талаптары туралы білудің тамаша мүмкіндігі.

Жәрмеңке – бұл сіздің мансаптық жоспарыңызды құрудың алғашқы қадамы! Сонымен қатар, жәрмеңкеде сіз қатысушылардан кіші болса да әдемі сыйлықтар ала аласыз.

Жәрмеңкеге қатысу үшін:

1. beam.kz жұмысқа орналасу платформасына өтіңіз https://auth.beam.kz/auth/realms/beam/login-actions/registration?client_id=beam-new-client&tab_id=IAilDOpVM2o

2. Платформада тіркеліңіз

3. «Оқиғалар» бөліміне өтіңіз

4. «Бос орындар жәрмеңкесін» таңдаңыз

5. Осы іс-шараға тіркеліңіз.

Сіздерді күтеміз!