«Биотехникалық және медициналық жүйелер» мамандығына арналған «Ордамед» компаниясынан жабдықтар»

«Биотехникалық және медициналық жүйелер» мамандығына арналған «Ордамед» компаниясынан жабдықтар»


21.06.2023 Барлық жаңалықтар


«Ордамед» компаниясы мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті арасындағы бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге шығуда.

      «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы негізінде жүзеге асады. Бұл мамандық – техникалық. Мысалы, АЭжБУ мен жарты ғасырдан астам уақыт студенттер медициналық техниканы зерттеп келе жатқан «ЛЭТИ» Санкт-Петербург электротехникалық университеті арасында байырғы серіктестік қарым-қатынас орын алған.

      Екінші жағынан, «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасы медицинамен байланысы бар бірқатар пәндерді зерделеуді ұйғарады. Сол себепті, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы бірлесіп оқыту серіктесі болып табылады.

     Сондай ақ, медициналық жабдықтарды өндіру, пайдалану және жөндеу саласындағы компаниялар оқу процесіне қатыстырылған. Қазақстандық ең ірі медициналық жабдықтарды өндіруші және жеткізуші - «Ордамед» компаниясы «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының маңызды серіктесі болып табылады.

     «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасының студенттері үшін заманауи алуан-түрлі құралдармен жабдықталған «Ордамед» оқу зертханасы жасалуда. Компания университетке электркардиограф, өкпені жасанды желдету аппараты, орталық мониторинг станциясы, емделушінің мониторы, инкубатор және т.с.с. қымбат медициналық техниканы қайтарымсыз негізде береді.

- Біз күрделі медициналық жабдықтарды өндіру мен қызмет көрсету саласы бойынша кадрларды дайындау қажеттігі мен маңыздылығын түсініп отырмыз, өйткені еңбек нарығында осы сала бойынша мамандардың қатты жетіспеушілігі байқалады. Кәсіби кадрларға деген өзіміздің жауапкершілігіміз бен қызығушылығымызды мойындай отырып, студенттер медициналық техниканың құрылғысы мен бағдарламалық қамтамасыз етуде іс жүзінде тәжірибе алсын деген ниетпен біз «Автоматтандыру және басқару» кафедрасына заманауи медициналық техниканы тапсырамыз,- деді «Ордамед Алматы» ЖШС бас директоры Юлия Анохина.

      Оқу зертханасын  жабдықтау бұл «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі қадамдардың бірі ғана.   «Ордамед»  компаниясының Қазақстан бойынша 17 бөлімшелерінде студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибеден өте алады. Сонымен қатар, тәжірибелік және зертханалық сабақтардың бір бөлігі компанияның өндірістік алаңдарында өткізілетін болады.

- Бұл да медициналық техниканы өндіру саласындағы жоғары дәрежелі мамандарды дайындауға мүмкіндік береді»,- деп сенеді Юлия Анохина.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы