«Energo University»-де «Club fair» студенттер клубының жәрмеңкесі өтті!

«Energo University»-де  «Club fair» студенттер клубының жәрмеңкесі өтті!

14.09.2023 Барлық жаңалықтар


2023 жылдың 11 қыркүйегінде Энерго университетінде Жастар саясаты департаменті және Студенттер кәсіподақ комитеті «Клуб жәрмеңкесі» студенттік клубтардың жәрмеңкесін ұйымдастырды!

Жәрмеңке университеттің оқудан тыс өмірімен толығырақ таныстыру мақсатында жыл сайын бірінші курс студенттері үшін өткізіледі. 

Жәрмеңкеде барлық клубтар өздерінің интерактивті бағдарламаларымен өнер көрсетті.  Жарқын студенттік өмірге бойлағысы келген барлық студенттер өздерінің қалаған бірлестіктерінің құрамына жазыла алды. 

Осынау жылы шуақты күнде көптеген бірінші курс студенттері өз қызығушылықтары бойынша таңдау жасап, пікірлестерінің жаңа командасына қосылып, энергияға толы ұмытылмас эмоциялармен бөлісті. 

Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау және оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, студенттердің құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, университет қызметінің негізгі мәселелерін талқылау және шешу үшін ЖОО-ның алқалы басқару органдарына тарту, сондай-ақ студенттердің басқару және өзін-өзі басқара алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында студенттердің Кәсіподақ комитеті өз қызметін жүзеге асырады. Студенттердің кәсіподақ комитеті-университеттің студенттік өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы. Білім алушылардың білім беру үдерісін басқаруға, студент жастардың өмірлік қызметінің маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және іске асыруға қатысу құқықтарын ұсынады.

«Energo University»-де студенттердің кәсіподақ комитетінің құрамында ресми түрде 14 студенттік қызығушылық клубтары, 4 институттардың кәсіподақ бюросы, сонымен қатар жатақханаларда студенттер кеңестері жұмыс істейді, оларда студенттер өз идеяларын жүзеге асырады және оларды шындыққа айналдырады. Олардың интеллектуалдық және көшбасшылық қабілеттерін кеңейту.

 

Студенттік клубтар:

- Ұыймдастырушы сектор;

- Children Charity Club;

- Ұлағат;

- Жайдарман;

-  Aues Dance Club;

- Energo DC;

- UNIX;

- ITEC;

- Studia 315;

- Whymper team;

- Mars.community;

- Қос Алқа;

- Enactus;

-SEDS Energo;

- StandUP Energo.

 

 Әр студент біздің клубтардың бірінде өз орындарын тауып, студенттік өмірлерін жарқын  түске бояйды деп үміттенеміз!