«Professor Emeritus» атағына 37 оқытушы ие болды

«Professor Emeritus» атағына 37 оқытушы ие болды

29.09.2023 Барлық жаңалықтар


28 қыркүйекте атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде құрметті төсбелгілер мен бүгін біз оны жаңа атпен - Energo University деп білетін университетімізге сіңірген еңбегі үшін куәліктер табысталды. Ал барлығы шамамен 50 жыл бұрын Алматы Энергетикалық Институты (АЭИ) құрылғаннан бастау алды. Бәріне таныс АЭжБУ — Алматы энергетика және байланыс университеті 1997 жылдан бастап коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар еліміздегі алғашқы мемлекеттік емес техникалық жоғары оқу орны болды.

Тапсыру рәсімін ашқан ректор Мұрат Сыздықов: «Біз профессор-оқытушылар құрамын бағалаймыз, құрметтейміз және қорғаймыз. ЖОО-ның дамуына қосқан үлесі есімізде. Ғұмарбек Жүсіпбекұлының адалдығы мен жарқын бастамасы, қолдауы үшін рақмет. Өз кезегімізде, сіздің ісіңізді абыроймен жалғастыруға тырысамыз».

«Professor Emeritus» атағына 37 оқытушы ие болды. Марапат иегерлері оларды Energo University ректоры Мұрат Сыздықов пен ректордың стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Серікбек Дәукейдің қолынан алды.