Болашаққа арналған идеялар: ғылымға, білімге және әлеуметтік дамуға қазірден бастап үлес қосыңыз!

Болашаққа арналған идеялар: ғылымға, білімге және әлеуметтік дамуға қазірден бастап үлес қосыңыз!

04.10.2023 Барлық жаңалықтар


 

Ғылым және коммерцияландыру департаменті бірінші курс студенттерінің декадасы аясында «Генератор» жалпы университеттік идеялар мен шешімдер байқауын өткізу туралы хабарлайды! Бұл сіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсетудің және университеттің өмірін, тіпті бүкіл әлемді өзгерте алатын инновациялық идеяларды ұсынудың бірегей мүмкіндігі.

Колледж оқушысы, студент, қызметкер, оқытушы! Біз сізді бірінші айналымға – «Идеялар генераторы» инновациялар байқауына қатысуға және керемет идеяла-рыңызбен бөлісуге шақырамыз.

Байқаудың екінші айналымында – «Шешімдер генераторы» хакатонындаөз білімін, дағдылары мен шығармашылығын көрсету. Команда құрамында сіз бірінші айналымның жеңімпаз идеясын жүзеге асыруға қатыса аласыз.

Байқаудың тақырыбы: "Болашаққа арналған идеялар: ғылымға, білімге және әлеуметтік дамуға үлес қосыңыз".

Байқау туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыз.