ЖРВИ мен тұмауды алдын-алу

ЖРВИ мен тұмауды алдын-алу

12.10.2023 Барлық жаңалықтар


Жыл сайын, күзгі-қысқы кезеңде тұмау вирустарының және басқа респираторлық инфекциялардың айналымы жанданады, олар адамнан адамға ауа тамшылары арқылы тез таралады, бұл халықтың эпидемиялық деңгейіне дейін жаппай аурушаңдығын тудырады. Тұмау мен ЖРВИ ең көп таралған жұқпалы аурулардың қатарына жатады, олар жыл сайын тіркелген жұқпалы аурулардың құрылымында 90-95% құрайды. Статистикалық бақылауларға сәйкес, әрбір ересек адам жылына орта есеппен 2 рет респираторлық инфекциялармен ауырады.

ЖРВИ мен тұмаудың таралуына байланысты, сізге қажетті сақтық шараларын ұсынамыз:

1. Қолдарыңызды таза ұстаңыз, оларды су және сабынмен жиі жуып тұрыңыз, қолдарыңызды антисептиктермен өңдеңіз.

2. Қолыңызды кез келген жағдайда өңдеуге болатындай етіп, дезинфекциялаушы немесе бір рет қолданылатын қол майлықтарын алып жүріңіз;

3. Жуылмаған қолдарыңызды ауызға, мұрынға немесе көзге тигізбеңіз (әдетте мұндай жанасуды біз білмей сағатына орта есеппен 15 рет жасаймыз);

4. Қоғамдық орындарда тыныс алу органдарын жеке қорғайтын құралдарын (маскалар) қолданыңыз, бір реттік маскаларды әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз;

5. Суық тиген немесе тұмауға ұқсас белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;

6. Адамдар арасындағы инфекцияға қауіпсіз қашықтықты кем дегенде 1,5 метр ұстаңыз;

7. Телефондарды және басқа гаджеттерді, жиі тиетін беттерді үнемі дезинфекция жасаңыз.

Келесі белгілерді анықтаған кезде медициналық көмек алу үшін дәрігерге бару өте маңызды:

Аурудың эпидемиялық таралуы кезінде жоғарыда аталған ұсыныстарды орындау қажет, сонымен қатар бұқаралық іс-шараларға, әсіресе жабық бөлмелерде, халық көп жиналатын орындарға бармауға, таза ауада жиі болуға тырысу керек. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау, тұмау мен респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша ұсыныстарды орындау денсаулықты сақтауға, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.