Energo University студенттері, қызметкерлері және профессорлық-оқытушылық құрамы психологиялық қолдау ала алады

Energo University студенттері, қызметкерлері және профессорлық-оқытушылық құрамы психологиялық қолдау ала алады

21.11.2023 Барлық жаңалықтар


Университетте сапалы тегін психологиялық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Екі білікті психолог жеке кеңес береді:

Биманова Актоты Исматиллаевна

Стук Ирина Владимировна

- Біздің қағидаларымыз, - бұл психологиялық мәселелерді шешудегі жеке жұмыс істеу, толық құпиялылық пен этикалық нормаларды сақтау, іске кәсіби қатынас- деп атап өтті Energo University-дің психологтары.

Кез-келген адам көптеген мәселелер бойынша жеке кеңес ала алады: мазасыздықтың жоғарылауы, қорқыныш, мотивацияның төмендігі, шаршау, өмірлік дағдарыстарды жеңу, депрессиялық күйлер, әріптестермен, курстастармен, туыстармен күрделі қарым-қатынас және т.б.

Консультациялар екі форматта жүргізіледі:

онлайн және офлайн

жұмыс күндері 8:00-ден 17:00-ге дейін

Қолдау алу үшін сілтемелер бойынша электрондық нысан арқылы сеансқа алдын ала жазыла отырып, «Б» корпусының № 232 кабинетіне жүгіну қажет:

СТУДЕНТТЕР ҮШІН:

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОПҚ ҮШІН:

Қосымша ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласуға болады:

8(727)3231175 (ішкі нөмір 6921)

Немесе электрондық поштаға жазыңыз: psyconsult@aues.kz