Energo University-дің футбол командасы – Қазақстан чемпионы

Energo University-дің футбол командасы – Қазақстан чемпионы

27.11.2023 Барлық жаңалықтар


Energо University-дің футзалдан студенттік құрама командасы University League-2023 республикалық чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, еліміздің үздік студенттік командасы атанды.

Университет құрамалары арасындағы Турнир Астанада 20-24 қараша аралығында өтті. 16 команда «Үздік команда» атағы үшін шайқасты.

- Біз үнемі жаттығулар жасадық, ойыншылар барлық талаптарды тәртіппен орындады, ЖОО басшылығы біз үшін жақсы жағдай жасады, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Мұның бәрі команданың табысқа жетуіне көмектесті, - деп атап өтті команданың жаттықтырушысы Николай Бочарников.

Бұл Energo University құрамасының биылғы жылғы алғашқы жетістіктері емес. Мамырда студенттер арасында футзалдан Alma Cup турнирінде екінші орын алған болатын. Маусымда Ақтау қаласында республикалық универсиаданың ширек финалына шыққан еді. Ал қараша айында «Алматының үздік студенттер құрамасы» атанды.