ENERGO UNIVERSITY БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ANHALT UNIVERSITY (ГЕРМАНИЯ) МАҚҰЛДАДЫ

ENERGO UNIVERSITY БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ANHALT UNIVERSITY (ГЕРМАНИЯ) МАҚҰЛДАДЫ

14.12.2023 Барлық жаңалықтар


ENERGO UNIVERSITY БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ANHALT UNIVERSITY (ГЕРМАНИЯ) МАҚҰЛДАДЫ

Германияға сапар барысында Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) делегациялары Анхальт университетімен үш қос дипломды білім беру бағдарламасының мазмұнын келісу мәселелері қаралды.

Anhalt University Германиядағы қолданбалы ғылымдардың үздік университеттерінің қатарына кіреді және бірқатар жылдар бойы Energo University-мен түрлі бағыттар бойынша бірге қызмет істеп келеді. Серіктестік қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі магистратураның қос дипломды білім беру бағдарламасын – «Автоматтандыру және басқару» және бакалавриаттың екі бағдарламасын – «Жүйелік инженерия» мен «Биомедициналық техника» әзірлеу болды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Energo University магистранттары екінші оқу жылын Германияда өткізбек. Ал бакалавр студенттері ол жақта үшінші және төртінші курстарда білім ала алады.  Соңында білім алушылар екі дипломды – Energo University және Anhalt University алатын болады.

Anhalt University оқу процесін бірлесіп ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылау үшін Energo University делегациясы келесі құрам бойынша жұмыс сапарымен келді: «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының» директоры Игорь Федоренко, «Электрондық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Сандуғаш Оразалиева және «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессоры Светлана Хан.

Сапардың басты нәтижесі ұсынылған барлық үш білім беру бағдарламаларын мақұлдау болды. Олар Анхальт университетінің Электр техника, Машина жасау және Өнеркәсіптік инженерия факультетінің кеңесінде мақұлдануға ұсынылды.

-  Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі дамып жатқанына қуаныштымыз, - деп факультет деканы, Anhalt University профессоры Марк Эйнцман атап өтті. –   Мысалы, Energo University-де «Автоматтандыру және басқару» деген өте қызықты білім беру бағдарламасы бар деп санаймын. Бізде көптеген ұқсастықтар бар. Біз сондай-ақ Energo University тарапынан бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға деген байыпты көзқарасын көріп отырмыз.

Екі дипломды білім беру бағдарламаларын мақұлдау 2022 жылы басталған бірлескен жұмыстың заңды нәтижесі болды. Ол кезде Марк Эйнцман және оның әріптестері Energo University-дің оқу үрдісінің ұйымдастырылуымен егжей-тегжейлі танысу үшін Алматыға  келген болатын. Сапар барысында Германиядан келген қонақтар біздің студенттердің National Instruments және Honeywell (АҚШ), Festo және Siemens, Schneider Electric (Франция) сияқты әлемге әйгілі өндірушілермен достастықта құрылған «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқу зертханаларында заманауи өнеркәсіптік жабдықтарды зерттеуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Өткен жылы Марк Эйнцман Алматыға келіп Energo University-мен бірлесіп «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасы іске асырылып жатқан А. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында болды,

Ал Anhalt University осы сапар барысында Energo University өкілдеріне заманауи қымбат жабдықпен жабдықталған автоматтандыру, робототехникалық жүйелер және биомедициналық техника жөніндегі зертханаларды көрсетті. «Жүйелік инженерия», «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларына 2024 жылы түсетін біздің университеттің студенттері мен магистранттарында осы құрал-жабдықпен жұмыс істеу мүмкіндігі болады.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты