Energo University қызметкері саяси қуғын сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссиядағы жұмысы үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды

Energo University қызметкері саяси қуғын сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссиядағы жұмысы үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды

29.12.2023 Барлық жаңалықтар


      Ақордада мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Отырысқа Energo University-дің жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар институтының әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Болат қатысты.
Кездесуде Президенттің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес құрылған Комиссия қызметінің қорытындысы шығарылды. Оның жұмысы өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселесіне жан-жақты қарауға мүмкіндік берді.

   Мемлекеттік комиссия іздеу-зерттеу және жинақтау-талдау жұмыстарына шоғырланды. Оның қызметін сүйемелдеу үшін Жобалық кеңсе құрылды, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Қуғын-сүргін құрбандарының әртүрлі санаттарын жан-жақты қамту үшін үш тақырыптық ғылыми топ құрылған болатын. Еліміздің барлық өңірлерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі өздерінің комиссиялары құрылды.

    Біздің университеттің әлеуметтік пәндер кафедрасының базасында Қазақстанның тарихи оқиғаларын зерттеу орталығы құрылып, қазіргі уақытта табысты жұмыс істеуде. Кабдушев Болат және оның әріптестері саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін одан әрі оңалту мақсатында іздеу және іріктеу бойынша елеулі жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, Болат Жоламанович жұмыс тобын басқара отырып, Алматы әкімдігі жанындағы бейінді қалалық комиссияның құрамына кіреді.

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы барысында тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге қосқан елеулі үлесі үшін Кабдушев Болат Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.