MICROSOFT ЖӘНЕ ENERGO UNIVERSITY ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

MICROSOFT ЖӘНЕ ENERGO UNIVERSITY ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

12.01.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) «Майкрософт Казахтан» компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Диалогтың бастамашысы киберқауіпсіздік, IT-инженерия және цифрлық басқару саласында мамандар даярлайтын Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты болды.

            Кездесуге «Майкрософт Казахстан» компаниясының бас директоры Сергей Лещенко, білім беруді дамыту жөніндегі басшы Данияр Жумабеков және техникалық стратегиялар жөніндегі менеджер Асель Абуталип қатысты.

- Біз Университет, жетістіктер және болашаққа жоспарлар туралы көбірек білгенімізге өте қуаныштымыз, - деді Данияр Жумабеков. - Университет Қазақстанның ең беделді және жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Оның бай ғылыми және білім беру дәстүрлері бар. Инновациялық бағыттарды және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты белсенді дамытады.

Кездесу барысында Университет пен «Майкрософт» компаниясының білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды пайдаланумен байланысты түрлі аспектілердегі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

- Біздің қызметіміздің стратегиялық бағыты әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады, олардың жетістіктері индустрияны, ғылым мен техниканы дамытуды айқындайды, - деп атап өтті Energo University-дің ректоры Мурат Сыздыков. -Microsoft-пен серіктестік қарым-қатынасымыз жемісті болады, қандай да бір салалық бағыттағы ынтымақтастықпен шектелмейді және Университетіміздің түлектеріне алған білімдерін одан әрі қызметінде табысты қолдануға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Алматы энергетика және байланыс университеті мен Microsoft арасындағы серіктестік қатынастар жылдар бойы тексерілгенін атап өту маңызды. Бір кездері Университет базасында Microsoft аймақтық академиясы құрылды. Қазір ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары белгіленді. Жақын арада, мысалы, Microsoft корпорациясының оқу және коммуникация мүмкіндіктерін игеруге көмектесетін профессор-оқытушылар құрамы үшін шеберлік кластарын өткізу.

- «Майкрософт Казахстан» компаниясының техникалық стратегиялар жөніндегі аккаунт менеджері Асель Абуталиптің біздің Университетті бітіргеніне өте қуаныштымыз, біз осындай түлектерді мақтан тұтамыз, - деп атап өтті Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко. - Біздің институт базасында сапалы, заманауи оқу барысын ұйымдастыру үшін Schneider Electric, Huawei, Siemens, Apple, Honeywell, Cisco, National Instruments, Kaspersky сияқты компаниялармен достастықта зертханалар құрылды. Microsoft-пен ынтымақтастық біздің қызметіміздің өте маңызды бағыты болып табылады және Университет түлектерінің еңбек қызметіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты