Energo University профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурс жариялайды

Energo University профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурс жариялайды

11.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар өтініш пен құжаттарды АЭжБУ электрондық платформасы арқылы онлайн (сканерленген немесе анық суретке түсірілген) тапсырады https://kkk.aues.kz 2024 жылғы 07 маусымға сағат 18:00 дейін.

Конкурсқа қатысу жөніндегі нұсқаулық сілтеме бойынша қоса беріледі. Кестенің сілтемесі.

Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін диссертация авторефератының бірінші және екінші беттерінің шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.

Құжаттардың түпнұсқалары еңбек шартын ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту үшін негіз бола алады.

Сұрақтар туындаған кезде Қызметкерлерді басқару бөліміне, А-232 кабинетке, тел.: +7 727 323 1175 (ішкі 6111, 6112), моб.8 707 600 64 87 жұмыс уақытында сағат 09:00-ден-18:00 немесе электрондық поштаға hr@aues.kz хабарласыңыз.