Energo University-де Математикалық олимп-2024

Energo University-де Математикалық олимп-2024

18.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университеті) бірінші курс студенттері арасындағы Жоғары математика олимпиадасының қорытындысы шықты.

Көпжылдық дәстүр бойынша математика кафедрасы жыл сайын көктемде "Математикалық олимп" атты жоғары математикадан интеллектуалды жарыстарды өткізеді.

Ағымдағы жылы бірінші курстарға олимпиада 8 сәуірде басталды. Оған 33 студент қатысты. Оларға екі сағат ішінде бес мәселені шешу ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамына: профессор Байсалова М.Ж. (төрайым), доцентттер Масанова А.Ж. және Зияханов М.У. кірді.

Жазбаша жұмыстарды қорытындылай келе, қазылар алқасы орындарды келесідей бөлді:

I орын

Ваховский Анатолий, ЭЭ-23 мамандығының студенті

II орын

Аманжол Бахтияр, АУк-23 мамандығының студенті

III орын

Закария Данияр, АУ-23 мамандығының студенті

Калыбек Арслан, СИк-23 мамандығының студенті

Супатаев Тимур, ТКИ-23 мамандығының студенті

"Математикалық олимп-2024" олимпиадасының жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен және мақтау грамоталарымен марапатталады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Математика кафедрасы