Energo University командасы - спутниктерді әзірлеу және құрастыру бойынша республикалық жарыстардың жүлдегері

Energo University командасы - спутниктерді әзірлеу және құрастыру бойынша республикалық жарыстардың жүлдегері

22.04.2024 Барлық жаңалықтар


Астанада өткен «Кazrockets satellite design tournament-2024» ғарыштық спутниктерін әзірлеу және құрастыру бойынша беделді жарыстың жеңімпаздары анықталды. Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) SEDS- ENERGO командасы екінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, 16-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге рұқсат етілген жарыстарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы KAZROCKETS зымыран құрылысы және авиамодельдеу жөніндегі қоғамдық қоры Energo University және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің қолдауымен ұйымдастырған болатын.

250-ден астам команданы жинаған іріктеу туры онлайн форматта өтті. Қатысушылардан техникалық құжаттарды дұрыс толтыру, бағдарламалық кодты жазу және SolidWorks-те спутниктің 3D моделін жасау талап етілді. Сол кезде финалисттердің ондығына Energo University-дің: SEDS-J және  SEDS- ENERGO деген екі командасы кірген болатын.

Финалдық жарыс Астанада хакатон форматында өтті. Қиын күресте Коммуникация және ғарыштық инженерия институтының студенттерінен құралған SEDS- ENERGO командасы екінші орынға ие болды! Федотова Марияны, Жуламанова  Гүлмираны және Мұстафанова Аружанды  жеңістерімен құттықтаймыз және оларға жаңа биіктерге жетулерін тілейміз!