Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев: Карантинге қатысты негізгі шаралар

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев: Карантинге қатысты негізгі шаралар

17.03.2020 Барлық жаңалықтар


«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавирустың әлемдік пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Шешім дұрыс. Оқиғаның алдын алу үшін қабылданған. Төтенше жағдай режимі адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ал, қосымша туындаған сұрақтарды Алматыдағы коронавирусқа қарсы штабтан білуге мүмкіндік бар. Енді қалада эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Қала басшысы бұл жағдайға халықты түсіністік танытып, қиын кезеңді бірге еңсеруге шақырды.

«Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз, қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтастығымыз, сенімді іс-әрекетіміз, өзара жанашырлығымыз бен Төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілігіміз қаламызды қорғап қалады. Біз бірге жеңеміз», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ақпарат almaty.tv сайтынан алынды

Мақалаға сілтеме :https://almaty.tv/kz/news/proisshestviya/2017-cagyntaev-totenshe-dgagday-redgimi-men-karantin-dgariyalaudagy-basty-maksaty-%E2%80%93-kauipti-indettin-taralyp-ketuin-toktatu