Екінші цифрлық әлем және инженерлік білім беру бойынша халықаралық конференция

Екінші цифрлық әлем және инженерлік білім беру бойынша халықаралық конференция

17.04.2023 Барлық жаңалықтар


2023 жылдың 11 мамырында Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-де Цифрлық әлем және инженерлік білім беру бойынша халықаралық конференция (ЦӘИБХК) өтеді. Конференция ERASMUS+ «610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPK2-CBHE-JP Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» бағдарламасы аясында «ACeSYRI» жобасы бойынша ұйымдастырылған.  

Қатысушылар: Қазақстан және Еуропалық Одақ жоғары оқу орындарының докторанттары, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттері (acesyri серіктестері және т.б.) және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы).

Көлемі мен тақырыптары

ЦӘИБХК инженерлік білім беру, жасанды интеллектті қолдану, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және машиналық оқыту саласында білім мен әдіснамамен өзаралмасуға арналған халықаралық форум болады. Конференция ІТ-инженериясының, жоғары инженерлік білімнің барлық салаларына үлес қоса алатын зерттеулерді іздеуге бағытталған. Конференцияның мақсаты - осы саладағы алдыңғы қатарлы әзірлемелермен танысу және бөлісу үшін академиялық және өнеркәсіптік ортада зерттеушілер мен практиктерді бірге жинау.

Авторлар конференцияға баяндамаларын ұсына отырып, зерттеу нәтижелерін, жобаларды және келесі салалардағы (онымен шектеліп қана қоймай) өндірістік тәжірибелерін көрсету арқылы өз үлестерін қосуға жұмылдырылады:

Электрондық коммерция және электрондық төлемдер

Виртуалды әлем

Электрондык оқыту

Заттар интернеті

IT қызметтері

Индустрия 4.0

Мобильді есептеу

Қайта өңдеу және энергия тиімділігі

Сервистерді автоматтандыру

Жасыл университеттер/институттар: практикадан мысалдар

Адами-машиналық өзара әрекеттесу

Энергетикадағы ақпараттық технологиялар

Пайдаланушы интерфейс формалары

 

Маңызды күндер

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2023 ж. 9 мамыры

Жариялау және қатысу барлық қатысушылар үшін тегін.

Авторларға хабарлау: 2023 ж. 2 мамыры 

Конференция: 2023 ж. 11 мамыры

Proceedings publication: 2023 ж. 30 мамыры

Тіркелу: 2023 ж. 9 мамыры

Барлық қабылданған баяндамалар конференциядан кейін жарияланады. Конференцияның жұмыс тілдері ағылшын, орыс, қазақ тілдері болып табылады. Үздік үш жұмыс университетің «АЭжБУ хабаршысы» шығарылымында жарияланады. Мақалаларыңызды 25.04.2021 ж. дейін m.temirbekova@aues.kz мекен-жайына жіберіңіз. 

Тіркелу үшін Google Form - https://forms.gle/8pXGhXZNoFnVAR7V7 толтыру маңызды.

Мақала шаблонын жүктеп алу.