Sustainability Living Lab жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша конференция

Sustainability Living Lab жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша конференция

14.04.2023 Барлық жаңалықтар


2023 жылдың 28-29 наурызында Назарбаев Университетінде SLL жобаларын іске асыру қорытындылары өткізілді, сондай-ақ түрлі жобалардың жеңімпаздары арасында тәжірибе алмасу болды.

Sustainability Living Lab бағдарламасын Chevron компаниясы қолдайды және ол Назарбаев Университетінің студенттерін, профессорлары мен қызметкерлерін жұмылдыра отырып, кампус аумағында тұрақты даму саласындағы зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Конференцияда АЭжБУ атынан келесі стартап жобаларының жеңімпаздары қатысты:

1. "Смарт пластикомат" стартап жобасы - ғылыми жетекшісі РһD, АЭжБУ қауымдастырылған профессоры А.К. Мукашева және "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" ББ студенті Дәулет Шыңғыс пластикоматаны әзірлеу бойынша грантты жеңіп алды.

2. "Цифрландыру негізінде кампустардың энергия тиімділігін арттыру" стартап жобасы, ғылыми жетекшісі - доцент Ш.Н. Сагындыкова, АИСУк студенті-19-2 – Асет Нурдаулет, АИСУк студенті-19-1 – Аманкелдиев Мади.

3. "Пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату және практикалық қолдану" стартап жобасы, ғылыми жетекшісі - доцент Р.Б. Ахметкалиев, КИ студенті-21-2 – Светлана Цой.

4. "Ақылды гардероб" стартап жобасы, ғылыми жетекшісі – докторант Ибраим Мерей.

Конференцияның бірінші күні іс-шараны ұйымдастырушылар жетекші профессорлардың бірқатар ғылыми дәрістерін өткізді, екінші күні қатысушыларға өз жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік берілді.

Конференция ұйымдастырушылары мен жоба демеушілеріне ауқымды шараны ұйымдастырғаны және жылы қабақ танытқаны үшін алғыс білдіреміз!

#АЭжБУ#chevronkazakhstan #@nu_greencampus