Хакатон соңында әділқазылардың шешімі бойынша «Enactus AUPET» командасы I орынды иеленді

Хакатон соңында әділқазылардың шешімі бойынша «Enactus AUPET» командасы  I орынды иеленді

18.04.2023 Барлық жаңалықтар


Сәуір айының 15-16 күндері Астана қаласында Nazarbayev University-дің ACM студенттер бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы HackNU/23 хакатоны өтті. Хакатонға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса студенттер, 100-ге жуық командалар қатысты. Хакатонның демеушілері UMAG&ZAPIS, HUAWEI және EPAM компаниялары 3 бағыт бойынша мәселелерді ұсынды.
 

Алматы энергетика және байланыс университетінен 2 команда қатысты. Бір команда UMAG, ал екінші команда EPAM бағыты бойынша мәселелерді шешуге тырысты. Хакатон соңында әділқазылардың шешімі бойынша «Enactus AUPET» командасы EPAM бағыты бойыншa I орынды иеленді. EPAM компаниясы ақшалай жүлде бермесе де, команданың әр мүшесіне кішігірім сыйлықтар мен Компанияның кез келген бағыттағы оқу курсына ваучерді сыйға тартты. Команда мүшелерін жеңістерімен құттықтап, таңдаған курстарын оқып, білімдерін жетілдіріп, болашақта тағы да жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!