Energo University-де Болгариядан келген профессордың сутегі энергетикасы бойынша дәрістер курсы аяқталды

Energo University-де Болгариядан келген профессордың сутегі энергетикасы бойынша дәрістер курсы аяқталды

01.12.2023 Барлық жаңалықтар


Бір ай бойы – 29 қазаннан 29 қарашаға дейін – Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтында бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар Ангела Кынчева (Болгария) атындағы Русен университетінің профессоры Илья Илиевтің сутегі энергетикасы тақырыбындағы дәрістер курсын тыңдай алды.

            Оқу процесінде ғалым келесі сұрақтарды қозғады:

- энергия секторындағы энергия тиімділігі және энергия үнемдеу,

- түтін газдарының коррозиялық ағындарынан жылуды кәдеге жарату,

- жылу құбырларын қолдану,

- энергетикалық сутегі жобаларын қаржыландырудың экономикалық негіздері.

Докторанттармен сабақ барысында профессор Илья Илиев бизнес-жоспар әзірлеу және энергетикалық жобаның техникалық-экономикалық талдауын орындау мақсатында ENSI ECONOMY бағдарламалық жасақтамасымен қалай жұмыс істеу керектігін айтты. Сондай-ақ, дәріскер ғылыми бәсекелестік жағдайында жоғары дәрежелі халықаралық журналдарға мақалалар дайындау бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

- Профессор Илья Илиев өзінің кәсіби-педагогикалық және коммуникативтік қасиеттерінің арқасында білім алушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды, - деді Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнур Бегимбетова. - Дәріс тыңдаушылары оның күрделі оқу материалын қол жетімді түрде баяндау дарынын, шығармашылық тәсілдемені және зерттелетін материалдың нақты өмірде сұранысын көрсете білу қабілетін атап өтті.

            Ангела Кынчева атындағы Русен университеті профессорының дәрістері Energo University қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы аясында өтті.

Анықтама:

Ангела Кынчева атындағы Русен университеті. - Русе қаласындағы (Болгария) жоғары оқу орны. Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге үлес қосатын табиғат, су ресурстары және экология саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға маманданған.