Energo University-де Алматының жетекші психологтары студенттерге арналған воркшоп өткізді

Energo University-де Алматының жетекші психологтары студенттерге арналған воркшоп өткізді

01.12.2023 Барлық жаңалықтар


Energo University қабырғасында Алматы жоғары оқу орындарының, оның ішінде: АЭж БУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Абай атындағы КазҰПУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория, ҚазБТУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, АТУ, АГА, Л. Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль жол академиясы, жетекші психологтары студенттер үшін Psycho express воркшопын өткізді, онда білім алушыларға жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған бірегей әдістемелерді ұсынды.

Psycho express студенттерді нейро графика, арт-терапия, метафоралық ассоциативті карталар, экзистенциалды талдау және логотерапия, рилив-терапиясы, проективті әдістер, сурет сынақтамалары және жеке кеңес беру сияқты психология салаларымен таныстырды.

- Әркім өз проблемаларымен психологтың кабинетіне баруға дайын емес, - деп түсіндіреді Energo University психологтары. - Мұндай іс-шаралар психологияның танымал болуына ықпал етеді, оның маңыздылығын, әрбір жеке тұлға үшін пайдалылығын көрсетеді. Бұл формат білім алушылардың көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар барлық әдістермен жеке танысып, өздері үшін қолайлы әдістерді атап өтіп, оларды дереу тәжірибеде сынап көрді. Бұл оларға өздерін, тілектері мен қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге, жеке өсудің мақсаттары мен векторларын анықтауға көмектесті.

Psycho express-2022 жылы Energo University бастамасымен құрылған «Қауіпсіз орта» жобасының форматтарының бірі. Сол кезде университет студент жастар арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған Алматының ЖОО психологиялық қызметтерінің Үйлестіру кеңесін құрудың бастамашысы болды. Energo University бастамасын Алматы әкімдігі, қоғамдық даму және дін істері басқармалары, ҚДБ мониторинг және талдау орталығы, ДМЗО қолдады.