Energo University Honeywell технологиялық конференциясында ұсынылды

Energo University Honeywell технологиялық конференциясында ұсынылды

05.12.2023 Барлық жаңалықтар


Energo University Honeywell компаниясының Қазақстандағы қызметінің 25 жылдығына арналған технологиялық конференциясына қатысты.

Honeywell өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнеркәсіптік автоматтандыру, цифрландыру және IT саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. Американдық корпорация Қазақстанда өзінің жұмысын 25 жыл бұрын бастаған. Дәл осы мерейтойлық күнге арнайы халықаралық технологиялық конференция өткізілді. Ол Алматыда Honeywell – де әзірленген Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар үшін аппараттық-бағдарламалық шешімдерді пайдаланумен байланысты отандық және шетелдік компаниялардың 100-ден астам қатысушы-өкілдерін жинады. Конференцияға «Теңізшевройл»,  «Қазақмыс»,  «Қарашығанақ Петроолеум Оперейтинг»,  Eurasian Resources Group және т.б. қатысты.

Energo University-дің «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» институтының директоры Федоренко Игорь Energo University мен Honeywell арасындағы табысты ынтымақтастық туралы баяндаманы оқыды.

Бірнеше жылдар бойы Университет Қазақстандағы Honeywell мүдделерін ұсынатын «Ханиуэлл-АСУ»  компаниясымен жемісті ынтымақтастықта болды. «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында басқару жүйелерін жобалау және зерттеу бойынша Honeywell оқу-зерттеу орталығы құрылды. Компания мамандары оқу жоспарларын талқылауға және түзетуге қатысады, дипломдық жобаларды қорғау бойынша аттестаттау комиссияларының құрамына шақырылады, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен практикалық тәжірибелерімен бөліседі және т. б.

Бакалавриат пен магистратураның "Автоматтандыру және басқару" білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың «Ханиуэлл-АСУ» компаниясында өндірістік, диплом алдындағы және зерттеу практикасынан өту мүмкіндігі бар, оның барысында біліктілікті арттыру курстарынан өту көзделген.

Ынтымақтастықтың барлық осы бағыттары жалғасатын болады. Сонымен қатар, оны ақпараттық технологиялар (IT-инженерия кафедрасымен бірлесіп) және ақпараттық қауіпсіздік (Киберқауіпсіздік кафедрасымен бірлесіп) сияқты салаларда кеңейту жоспарлануда.