Energo University студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыруды тамашалады

Energo University студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыруды тамашалады

01.12.2023 Барлық жаңалықтар


Energo University (АЭжБУ) студенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағына барып, ұшыру алаңынан «Прогресс МС-25» жүк ғарыш кемесімен Союз-2.1 зымыран тасығышының ұшырылғанына куә болды.

Сонымен қатар, студенттер «Гагаринский старт», командалық басқару пункттерінде болып, монтаждау-сынау корпустарын, «Зенит-М» техникалық және ұшыру кешендерін, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражайын аралады.