Студенты Energo University стали участниками Enactus KAZAKHSTAN WINTER CAMP 2024

Студенты Energo University стали участниками Enactus KAZAKHSTAN WINTER CAMP 2024

24.01.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің студенттері Enactus KAZAKHSTAN WINTER CAMP 2024 қатысушылары болды

15–20 қаңтар аралығында қысқы демалыс кезеңінде біздің университетіміздің «Энактус Энерго» командасы Enactus халықаралық қозғалысының қысқы бизнес – лагеріне-Enactus KAZAKHSTAN WINTER CAMP 2024-ке қатысты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 команда және біреуі Тәжікстаннан студенттік кәсіпкерлікті дамытуда идеялармен белсенді алмасып, өз білімдерін жетілдірді.

- Бес күн бойы біздің жастар бизнес саласындағы тәжірибелі тәлімгерлерден кеңес алып, әлеуметтік кәсіпкерліктің жаңа әдістерін үйренді, - деді Energo University-дің жастар саясаты департаментінің директоры Еликбай Каби. – Сонымен қатар, біздің студенттерге Enactus Kazakhstan президенті, философия ғылымдарының докторы Альбина Ержановадан құнды кеңестер алу сәті түсті.

Бизнес-лагерь қатысушыларының пікірінше, университеттер мен колледждердің жобаларын ұсыну ерекше қызықты сәт болды. Студенттер өз бастамалары туралы айтуға, тәжірибелерімен бөлісуге және тәжірибелі әріптестерінен кері байланыс алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар қазақстандық TezTap брендінің қызықты квизасына қатысты, бұл өңірдегі бизнес туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Анықтама:

Enactus (2012 жылға дейін — SIFE, «Students in free enterprise») — жастар кәсіпкерлігін дамытумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ұйымның мақсаты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бизнес-жобаларды дамыту болып табылады.

1995 жылдан бастап жобаға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан студенттері қатысады. Орталық Азияда Enactus ұлттық ұйымы бар, оның аясында жарыстар өткізіледі.

Жастар саясаты департаменті