Energo University-де Қазақстан-Америка университеттерінің серіктестік бағдарламасы талқыланды

Energo University-де Қазақстан-Америка университеттерінің серіктестік бағдарламасы талқыланды

05.02.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) халықаралық білім беру институтының ресми өкілі, Еуразия бойынша басшысы және Steppe Global Education-нің негізін қалаушы Джоэл Эриксонмен университет басшылығы және оқытушы-профессор құрамының кездесуі өтті.

Кездесу барысында Energo University мен АҚШ университеттері арасындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері, сондай-ақ біздің университеттің Қазақстан-Америка университеттер консорциумының серіктестік бағдарламасына қатысуы талқыланды.

«Бұл бағдарлама барлық уақыттағы байланыстарды нығайтуға және инновациялық консорциум мен тәжірибе қоғамдастығын дамыту арқылы АҚШ және Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы жаңа стратегиялық серіктестіктерді құруға бағытталған», - деп Джоэл Эриксон атап өтті.

Консорциумға АҚШ және Қазақстандық әртүрлі жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.

Energo University өкілдері бұл бағдарламаға қызығушылық білдірді.