Energo University қызметкерлері 1st CENTRAL ASIA HIGHER EDUCATION конференциясына қатысты

Energo University қызметкерлері 1st CENTRAL ASIA HIGHER EDUCATION конференциясына қатысты

05.02.2024 Барлық жаңалықтар


1-2 ақпанда Алматыдағы KIMEP базасында «Жоғары білімдегі педагогикалық көшбасшылық: Студенттердің оқу сапасын арттыру және этикалық өзара әрекеттестік» тақырыбындағы 1st CENTRAL ASIA HIGHER EDUCATION білім беру конференциясы өтті. Оған Energo University өкілдері - Energo University академиялық мәселелері бойынша департамент директоры Манханова Ажар және ректордың көмекшісі Даиров Жасулан қатысты.

Іс-шара еліміздің көшбасшы университеттерінің проректорлары, декандар, оқытушылар және жас зерттеушілерді кездестіруге мүмкіндікті берді. Конференцияның барлық қатысушылары үшін бұл олардың қызықтырған сұрақтарына жауап алу ғана емес, сонымен қатар әріптестердің тәжірибесімен танысу, пікірлес жандарды табу және келешектегі ынтымақтастық жоспарларын талқылау үшін жақсы мүмкіндік болды.

«Мұндай іс-шараларға қатысу көптеген артықшылықтарды, әдеттегі заттарға басқаша қарауға мүмкіндік береді», - деп Energo University-дің академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Манханова Ажар бөлісті. - Өзіміз үшін біз көптеген пайдалы ақпараттарды алдық, белгілі бір қорытындыларды жасадық және білім сапасын арттыру, оқыту әдістеріне өзгерістерді енгізу мақсатында болашаққа деген жоспарларды құрдық.