Energо University командалары спутниктерді әзірлеу және құрастыру жарыстарының финалистері болды

Energо University командалары спутниктерді әзірлеу және құрастыру жарыстарының финалистері болды

29.03.2024 Барлық жаңалықтар


Kazrocets satellite design tournament-2024 ғарыштық спутниктерін әзірлеу және құрастыру бойынша беделді жарыстың бірінші кезеңінің финалистері анықталды.

Жарысты Қазақстан мен Орталық Азиядағы KAZROCKETS  зымыран құрылысы және авиамодельдеу жөніндегі қоғамдық қоры Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) қолдауымен ұйымдастырды және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің қолдауына ие болды.

Қатысушылардың жас мөлшері -  16-дан 22-ге дейін.

Финалисттердің ондығына Energo University-дің екі командасы кірді.

SEDS- ENERGO командасы

Мария Федотова

Гульмира Жуламанова

Аружан Мустафанова

Кирилл Карасюк (Алматы қ. № 48 мектеп-лицейі)

 

Команда SEDS-J

Нысан Джангалиев

Анатолий Ваховский

Дмитрий Попов (АЭжБУ колледжінің бірінші курс студенті)

Айбек Жебеген (АЭжБУ колледжінің бірінші курс студенті)

Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта өтті. Командаларға арнайы құжатты дұрыс толтыру, бағдарламалық кодты жазу және SolidWorks-те спутниктің 3D моделін жасау міндеті қойылды.

Әр тапсырманың орындалуын құзыретті қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде үздік 10 команда таңдалды. Енді балалар 10-12 сәуір аралығында Астанада өтетін күндізгі хакатон барысында өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетуі қажет.