Алматы энергетика және байланыс университеті өзінің 45 жылдығына орай болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды.

Алматы энергетика және байланыс университеті өзінің 45 жылдығына орай болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды.

01.07.2020 Барлық жаңалықтар


Алматы энергетика және байланыс университеті өзінің 45 жылдығына орай болашақ студенттерге 800 ноутбук сыйлайды.

Пандемияға Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті @aues_university оқытудың жоғары сапасын басты басымдыққа қоя отырып, жаңа білім беру технологияларын одан әрі дамыту арқылы жауап береді.

АЭжБУ өзінің 45 жылдығына орай бұрын-соңды болмаған акция жариялайды және ҰБТ-да жоғары балл жинаған талапкерлерге соңғы буын процессоры бар 800 Lenovo ноутбуктерін сыйлайды!
 

@аues_university ректоры Сауле Сагинтаева: «Бұл біздің болашақ студенттерімізге арналған сыйлық. Біз университетте оқу сапасы үнемі артып, кез келген сын-қатерлерге жауап беруі үшін бәрін жасаймыз. Осы жылы АЭжБУ 45 жылдық мерейтойын атап өтуде және біз осындай акциямен университеттің әлеуметтік миссиясына назар аударғымыз келді. Бұл ноутбуктер біздің үздік студенттерімізге оқуда сенімді көмекші болсын».



АЭжБУ-дың болашақ студенттері Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің біріне түсу арқылы, жаңа жоғары өнімді оқыту құралын алып, таңдаған мамандығының пәндерін оңай және қолжетімді меңгере алады.

Еліміз және бүкіл әлем үшін осындай қиын уақытта АЭжБУ студенттердің сапалы жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуді және оларға қолдау көрсетуді өз миссияларының бірі ретінде көреді.