• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) әлемнің үздік университеттері қатарына кіреді

Толығырақ https://www.umultirank.org/university-rankings/top-performing-universities/2019/

 АЭжБУ Үздік әлем университеттері қатарына енді.  2019 жылы жарияланған U-Multiran шығарылымында Алматы энергетика және байланыс университеті “Жұмыс ортасымен ыңтымақтастық” (Contact to work environment) параметрі бойынша электр – жылу энергетикасы және ақпараттық технологиялар  (“Electric Engineering” and “Computer Sciences”) мамандықтарынан 25 жетекші әлем университеттері құрамына кірді. U-Multirank рейтингісі бес бөліктен – оқу үдерісінен, зерттеуден, технологиялар таратудан немесе біліктілік арттырудан, интернационалдырудан және аймақтық қатысудан тұрады, осы бөліктердің әрқайсысы бірнеше критерийлерге сәйкес жоғары оқу орындары үшін бағаланды.

Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) университеттердің «U-Multirank» халықаралық рейтингісіне алғаш рет қатысты және бірден жоғары орынға ие болды.

«АЭжБУ-дың жоғары бағалануы оның дұрыс бағытта жұмыс жүргізуінің көрінісі және ол кейбір көрсеткіштер бойынша әлемнің басқа жетекші университеттері көрсеткіштерімен салыстыруға тұрарлық. Жұмыс берушілермен ынтымақтастық бойынша университеттің жоғары бағалануы біз үшін өте маңызды, себебі біз мамандарды еңбек нарығы үшін дайындаймыз. Бұл нәтижеге АЭжБУ даму стратегиясын мақсатты бағытта жүзеге асыру және сапаны басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу арқылы қол жеткіздік», – деді АЭжБУ Президенті Гита Ревалде.

U-Multirank университеттер мен колледждердің нәтижелерін салыстырады және осы жылы 96 елдің 1700-ден астам жоғары оқу орындары туралы ақпаратты енгізді. Рейтингке Қазақстандық 3 университет қатысты.

Left Menu Icon