• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Асқар Жұмағалиев: Ақпараттық қауіпсіздік бойынша гранттар саны 11 есеге артты

“Бүгін адам өз смартфонынан автобустың қозғалысын анық көріп, автобус нақты келгенде автобус аялдамасына шыға алады. Есімде, Алматы қаласында оқыған кезде, жатақхананың екінші қабатында тұратынмын. Аялдамаға дейінгі аралық  800 метр еді. Және біз студенттермен бірге, екінші қабаттан автобустың келуін бақылап тұратынбыз, келе жатса болды 800 метрге  дейін жүгіретінбіз…  Және біз автобусты аялдамаға дейін қуып жететінбіз. Ал қазір бұлай істеудің қажеті жоқ. Қазір бұл жүйе тек Нұр-сұлтанда ғана емес, басқа қалаларда да бар. Автобустың кестесін алдын ала көріп, керек уақытында шыға аласыз.  Міне, осындай сандық шешімдер біздің өмірімізді оңайлатуда”, – деді Асқар Жұмағалиев.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиев (біздің университет түлегі) vlast.kz берген сұхбатында Қазақстан неліктен IT-мамандарды өсіруге, технологиялық саланы дамытуға және цифрлық жүйені  болашақта кім үшін дамытуға міндетті екенін айтты.

“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылы ішінде  еліміз 600 миллиард теңгедей нәтиже көрді. Ал биыл мемлекет “Цифрлық Қазақстанға” 18 миллиард теңге жұмсады. Бұл сандарды салыстыра отырып, цифрландырудың тиімділігін көруге болады”, – дейді министр.

А. Жұмағалиев сондай-ақ “интернет зат” тренді туралы айтты»:

“Бүгінгі таңда бізді қоршаған жансыз заттар біртіндеп IoT-құрылғылар арқылы тиісті жүйелерге қосылып жанданатыны белгілі.

Біз бірнеше пилоттық жобаларды көрдік. Ақкөл жобасы Өте қызықты болды– онда IoT-құрылғылар арқылы жылу, энергетика бойынша датчиктерді қосқан кезде  электр энергиясын тұтынуды 30% – ға, жылуды тұтынуды 15-20% – ға қысқартуға болатынын көрдік.  Бұл сандар әр түрлі факторларға байланысты көп болуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, IoT-шешімдер біртіндеп таратылады. Кейбір жағдайларда біз тіпті байқамаймыз. Бірақ, сонымен қатар, біз оны тиімділік тұрғысынан айқын сезінетін боламыз”.

Сондай-ақ, министр ақпараттық қауіпсіздікті цифрландыру тақырыбын қозғады, себебі қорғауды талап ететін көптеген мәліметтер мен технологиялық шешімдер пайда болуда.

“Сондықтан биыл осы бағыт бойынша гранттар саны 11 есеге артты. Есіңізде болса, Елбасы қосымша 20 мың грант бөлу тапсырмасын  берген болатын.  Олардың бір бөлігі ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандарды оқытуға бағытталған. Менің ойымша, үрдіс сақталады. Елімізде цифрландыру бойынша жоспарлар көп екенін ескере отырып, бұл бағыттың өзектілігі тек арта түседі”, – дейді министр

Сұхбаттың толық нұсқасы  https://vlast.kz/jekonomika/36688-askar-zumagaliev-vybora-net-cifrovizacia-vokrug-nas.html

 

Left Menu Icon